УПРАВЛЕНИЯ РАЗВИТИЯ ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

«КОЛЛЕДЖ №8»

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

БИБЛИОТЕКА

КНИГА – ИСТОЧНИК ВСЕХ ЗНАНИЙ.

Н.Назарбаев

Ключевым звеном в создании единой информационной среды образовательного учреждения сегодня является библиотека колледжа, трансформированная в современную модель библиотечной службы. Модернизация библиотеки предполагает переход на качественно новую ступень развития в виде любой современной модели и позволит сформировать позитивный образ библиотеки как значимой организационной структуры, способной не только качественно сопровождать учебный процесс новой информацией, но и создавать участникам учебного процесса возможности для познания и саморазвития.

РЕЖИМ РАБОТЫ БИБЛИОТЕКИ:
ПОНЕДЕЛЬНИК-ПЯТНИЦА С 09:00 ЧАСОВ ДО 17:00 ЧАСОВ.
СУББОТА С 09:00 ЧАСОВ ДО 15:00 ЧАСОВ.


Направление деятельности абонемента библиотеки:

* организация процедуры регистрации и перерегистрации читателей;
– организация эффективного, оптимального, оперативного и качественного обслуживания преподавателей и учащихся колледжа;

* в целях полноценного удовлетворения потребностей читателей пополнение фонда и анализ обеспечения и чтения;
– работа с неудовлетворенными запросами и читателями, имеющими перед библиотекой задолженность;
– оказание консультативной помощи читателям в выборе информации.

ЧИТАЛЬНЫЙ ЗАЛ

Читальный зал предоставляет возможность всестороннему получению знаний в ходе обучения учащихся колледжа в библиотечном фонде читальных залов собраны литература и периодические издания по всем отраслям.

Направления функций читального зала:

– оказание библиотечно-информационных услуг для личного и группового обслуживания читателей;
– консультирование по информационному поиску;
– ведение контроля за выданным читальным залом документам;
– выполнение справочно-информационных запросов;
– проведение открытых выставочных мероприятий.


Преподаватели и учащиеся знакомятся с издательскими новостями в читальном зале, готовят рефераты, получают консультации библиотекарей.

ПЕРИОДИЧЕСКИЕ ИЗДАНИЯ

Библиотека осуществляет подписку по 24 видам газет и журналов, из них на государственном языке 12 видов, а именно: «Денсаулық», «Қазақстан тарихы әдістемелік журнал», «Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту», «Егемен Қазақстан», «Ақиқат», «Сынып жетешісі», «Валеология салауатты өмір салты», «Өзін-өзі тану» и другие; педагогические издания: «Образование», «Среднее профессиональное образование», және т.б.; қоғамдық-саяси басылымдар: «Казахстанская правда», «Официальная газета», «Экспресс К», «Юридическая газета», «Оңтүстік Қазақстан», «Жас алаш»,«Шымкент келбеті»,«Айғақ»,«Ленгер жаршысы»,«Төлеби Туы» және т.б.

 

ЭЛЕКТРОННЫЙ ЧИТАЛЬНЫЙ ЗАЛ

Оказывает систематизированное информационно-библиографическое обслуживание преподавателям и учащимся. Электронный читальный зал оснащен 12 компьютерами c выходом в интернет, книжным сканером, интерактивной доской, ксероксом. Книжный фонд библиотеки постоянно пополняется электронными учебными изданиями. Целью электронного читального зала является оказание библиотечных услуг в на высоком уровне с использованием новых технологий в деятельности библиотеки, то есть работа с данной электронной информацией, систематизирование интернет-ресурсов, оказание различных электронных услуг и обогащение электронного фонда отдела. Читатели и посетители библиотеки имеют возможность воспользоваться в электронной библиотеке электронными словарями, учебниками, энциклопедиями, материалами на CD-ROM и DVD-дисках.


Работники библиотеки всегда рады помочь вам, готовы обслужить вас в работе поиска информации.

№8 колледж  кітапханасының  2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар

Білім –құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді.

 Ахмет Байтұрсынұлы

           Кітапхана қызметінің бағыттары

          Кітапхананың  негізгі міндеті :  

Колледж  кітапханасының  жұмысы  колледж  директорымен  бекітілген кітапхана ережесіне,  кітапханашының  қызметтік  нұсқауларына, кітапхананы  пайдалану  ережесіне,  колледждің  істер номенклатурасына, кітапхананың  жұмыс  кестесіне және жұмыс  жоспарына сай жүргізіледі.

Білім беру ұйымындағы  кітапхана – колледждің  білім беру саласындағы мәдени, ақпараттық, ағартушылық және тәрбиелеу орталығы, жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орталықтардың бірі болуы керек.

       Кітапхананың  мақсаты: 

  1. Кітаппен жұмыс үдерісінде  студенттерді азаматтық сезімге тәрбиелеу, рухани-шығармашылық ұстанымдарын ашу;
    2. Студенттердің оқу және оқу мәдениетін қолдау;
    3. Студенттерді оқуға тарту;
    4. Кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту. 5. Кітапхана мамандарға  алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.

6.Бүгінгі күннің өзекті мәселесі компьютерлік техникалық  құралды оқыту процесінде пайдаланудың тұжырымдамасы компьютер сабақтарын ақпараттандырумен қатар, әдістемелік құралдар жасау.

  1. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, ана тілімен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялап ардақтай білуге тәрбиелеу.

Кітапхананың басты міндеті: Колледж ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламалары, кітаптарды және ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпараттың барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамыту.  Бұл бағыттағы жұмыстардың ең бастысы – колледждің барлық мамандықтарында қолданылатын  оқулықтар мен оқу құралдарын, компьютерлік  техникалар мен қосалқы жабдықтардың санын арттыру және оларды жұмыс бабында ұстау болып табылады.

 Ұйымдастыру жұмысы

Жаңа оқу жылында жылдық жұмыс жоспары жасақталып, сол жоспар бойынша шаралар өткізіліп отырады. Бұл шаралар студенттерге әртүрлі бағытта өткізіледі. Кітапхананың оқу залында әр түрлі тақырыпта мағынасы жағынан мәнді де сәнді безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылады. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында кітапханашылыр түрлі әдісте (дебат,ой-толғау,танымдық кештер, кездесулер, сұрақ-жауаптар сайысы, музыкалық кештер) мәні зор іс – шаралар өткізіліп  отырады.

2023-2024 оқу жылына оқу әдебиеттері мен оқулықтармен  студенттерді қамтудың диагностикасы  қыркүйек – қазан айларында   І курс студенттеріне оқулықтарды беру жұмыстары жүргізілді.

        «Оқулыққа ұзақ өмір тілейміз» тексеру (жалпы колледждік – жартыжылда 1 рет,); колледж оқырмандары ұстаздары,  шеберлері газет журналдардан өздеріне керекті материалдарды үнемі пайдаланып тұрады. Кітапхана белсенділерінің  күшімен кітаптарға  «жедел көмек» жөндеу жұмыстары жүргізілді.  І-курс студенттерін  колледж кітапханасына тіркеп оқулықтармен қамтамасыз еттік. Оқу залындағы компьютерлердің барлығы 100%  интернет желісіне қосылған күнделікті студенттер оқытушылар сабақ орындап керекті материалдарды алып отырады. Кітапханада 11 компьютер жұмыс жасап тұр.

—  оқу жылының соңына қарай студенттерден  оқулықтарды  қабылдау.

— Оқу әдебиеттерін сақтау бойынша жұмыстар: топтар бойынша оқулықтарды тексеру.

— Оқу қорын сақтау бойынша жұмыстар жүргізу

2023 жылға таңдалған  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің  шығармаларын оқу оқырмандарға  оқуға  ұсынылды.                 

Акцияның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, сондай-ақ жастарға рухани — адамгершілік  және патриоттық тәрбие беруге бағыттау.

2023-2024оқу жылындағы кітапхананың өткізілген      іс-шаралары

 Қыркүйек

1.5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күні, қоғам қайраткері, тіл білімінің іргетасын қалаушы, ағартушы педагог, ақын аудармашы, қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.  Бүгін №8 колледж кітапханасында «Ұлттың ұлы ұстазы»  атты тақырыпта танымдық сағат және кітап көрмесі өткізілді.  Ахмет Байтұрсынов қазақ ғылыми тарихында ұлттық әліпби жасап, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол қазақтың жүз жылда бір туатын ірі тұлғасы. Отанымыздың нағыз патриоты. Ақын өміріне, шығармашылығына шолу жасалып, көрмемен таныстырылды. Студенттер тіл туралы өлеңдерін, аудармаларын жарыса оқыды. Сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылығы, мұрасы жайлы тоқталып өтті. Осы атаулы датаның өзгеру себебі- «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы —Тіл!»  — демекші, тілімізді дәріптеп,оны қастерлейік!        Көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз: Студенттерді патриотизмге тәрбиелеу және өз Отанына, халқына деген мақтаныш сезімін ояту. Студенттер өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, тілдің, сөздің құдыретін түсініп, оның адам өміріндегі  маңызын ұғынуға үйрету.

Сілтемесі: https://m.facebook.

com/story.php?story_fbid=pfbid02GPP

KpwFMrVQdJCRGvopg78AyHtk3g5nMw6JhQBpMaeuFqErFFfZ6CF7KekrzU94l&id=100063507057164&mibextid=Nif5oz

  1. «Өзім оқып шықтым саған оқуға кеңес беремін» Библио-кросс

Түркістан облысы,Төлеби  ауданындағы МКҚК №8 колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін» атты Библио-кросс жариялады. Библио -кросстың негізгі мақсаты озық оқырманды анықтау.  Берілген уақытты тыйымды пайдаланып ең көп оқыған оқырманды жеңімпаз деп тану.

Сілтемесі:

https://www.facebookcom/100063507057164/posts/pfbid0yvZ8cjwvtQNXgMjFY9nF1

gbzYgkzFPYj6idf5oJZ4d9BpwZXtNHfw2CJJ96PmskBl

 «Кітапхана табыс мекені» Кітапхананың ашық есік күні (Акция.)

Түркістан облысы,Төлеби  ауданындағы МКҚК №8 колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапхана- табыс мекені» тақырыбында кітапхананың ашық есік күнін өткізді.

Акцияның мақсаты: Студенттерді кітапханадағы өз мамандықтары бойынша жаңа оқулықтармен және көркем әдебиет кітаптармен тығыз байланыстыра отырып оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын  арттыру.Түркістан облысы,Төлеби  ауданындағы МКҚК №8 колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапхана- табыс мекені» тақырыбында кітапхананың ашық есік күнін өткізді. Акцияның мақсаты: Студенттерді кітапханадағы өз мамандықтары бойынша жаңа оқулықтармен және көркем әдебиет кітаптармен тығыз байланыстыра отырып оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын  арттыру.

Сілтемесі:https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid032yang3

USLkTeCJAsqesWka6KUEwCDG68euPbks4apT44vouyTRHQjxM9RtSD42Fhl&id=100063507057164

  1. «Кітап достарын іздейді» «Буккроссинг»

Түркістан облысы,Төлеби ауданындағы №8 колледж кітапханасы «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітап достарын іздейді» тақырыбында  БУККРОССИНГ қозғалысын бастады.  Буккроссинг — «Кітап сыйлау» немесе «Кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Біздің мақсатымыз, студенттерді кітап оқуға шақыру, Буккроссинг қозғалысы кітап оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде кез -келген адам оқыған қызықты кітабын Буккроссинг сөресіне қойып, орнына өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі. Жоба колледж жатақханасынан бастау алды.

Сілтемесі:

https://www.facebook.com/100063507057164/posts/pfbid02U7eX6cZSkkF2oKRDrMkzGPy9BPiiq9Xct7yWfgAbS8oYJxppaJ9814KP1VyFLgeil/

Қазан

 1.ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ  ҚАЗЫНАМ!                      

Колледж кітапханасында қарттар күніне орай қарттарды ұлықтау мақсатында кездесу өткізілді.  Кездесуде үлкендер жастарға өз ақыл кеңестерін, даналық сөздерін айтып,студенттер қарттарға арнаған өлеңдерін оқып, құттықтау сөздерімен бөлісті.                 

Қымбатты ақ жаулықты мейірімді АНАЛАР, ақыл кенін арқалаған айбынды АТАЛАР!  Сіздерді, 1қазан «Халықаралық қарттар күні» мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!                   

Қарттары бар ел қашанда бақытты демекші, Сіздер өсіп келе жатқан жас ұрпаққа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер! Сіздер әрқашанда құрметке лайықсыздар!                     

Сілтемесі: https://m.facebook.

com/story.php?story_fbid=pfbid02BWwyWANp5SKJ7acTAMv59sggmnpUTF3gqhKLUdhvt5j6gKZ2iUAKetDSG4vTtAkrl&id=100063507057164&mibextid=Nif5oz

2.№8 колледж кітапханасында студеннермен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ақынның есімі ел есінде» атты іс шара өтті. Мақсаты: Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, балалық шағы, білім алу жолдары, қызметі, алдына қойған мақсатқа жету жолын үйрету. Ақын шығармалары арқылы әдеби – теориялық білімдерін, өзіндік ой пікірін жүйелі жеткізуін, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұлттық патриотизмге , оқу-білімнің маңызын түсіне білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеу.

 Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын — жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров — халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат — мақсатын, арман — аңсарын жырға қосады.

3.Кітапханашы күнін мерекелеу аясында «Кітапханашы демек креативті»   Кітапханада өзін-өзі басқару күні.

№ 8 колледж МКҚК- ның кітапханасы » Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша  өткізді.    Мақсаты:  Студенттер кітапханашылардың жұмысын өз міндеттеріне алып және оқырмандармен қалай жұмыс жасау керектігін білді. Кітапхананың жұмысы оңай еместігін түсінді.

https://m.facebook.

com/story.php?story_fbid=pfbid02VAAhSm

YpLRRksyghw3ZSfRF6r4f7WKWUG7xxNsg

QV9DrJ6JhRUW7DF72Dy7WK33Xl&id=100063507057164

 4. Балалар поэзиясының бағбаны Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдына орай  «Бала деп соққан бауырмал жүрек» тақырыбында  поэзия минуты іс-шарасын   өткізді.                                                                                                        Мақсаты: балалар әдебиетіне үлес қосқан ақын, жазушының өмірі мен шығармашылығынан толық  ақпараттар алу.

5.25- қазан «Республика күні» ұлттық мерекесіне орай №8 колледжде «Отаным-Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.      

  Мақсатымыз:  Республика күнінің маңыздылығын көрсету, елдің татулығын, бірлігін нығайту. Қазақстанда тұратындығын мақтаныш етуге, Отанын сүюге, қазақ екенін, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы, парасатты азамат болуға қалыптастыру. Жастарға еңсесі биік Егемен еліміздің айбынды ұрпақтар екендігін терең ұғындыру.   Құрметті оқырман қауым! Баршаларыңызды еліміздің ұлттық мерекесі Республика күнімен құттықтаймыз!  Елімізге амандық, халқымызға тыныштық, бірлік-береке, көк туымыз желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін! Ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Егемендігі баянды болсын!!!

Сілтемесі:https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid026UiV3MB8dEYUhuew

UZxASA5QbeQeEawjGWgrq13uY9XQiBmdhcWWJSKCB3vhAZ5Ml&id=100063507057164

&mibextid=Nif5oz

 Қараша

1.«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханасында   «Бір колледж- бір кітап» акциясын өткізді. Биыл  ауданымыздың 90 жылдығына орай Төлеби ауданы туралы кітаптарды таңдап алдық. Оқырмандар  соның ішінде «Атажұрт» кітабын белсене оқып өз ойларын айтты. Мақсаты:  Студент жастарды оқуға құштар тұлға болуға талпындыру. Ауданымыздан шыққан атақты тұлғалар жайлы тереңірек таныстыру. Кітап оқуға деген қызығушылыктарын ояту. Студенттерді ортақ тақырыпты бірге талқылауға тарту.

Сілтемесі:https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02gwjPFufLRPyvBXRkB7XarVWXgr88r2dVvqPgRrfnWtXE9JyT3FSV1XEUWLZE8rRSl&id=100063507057164&mibextid=Nif5oz

  1. 2. 15 қараша «Ұлттық валюта күніне» орай кітапханада ауызша журнал өткізді. Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру, және қаржы мамандығы туралы ақпарат беру.
  2. 3. №8 колледж кітапханасында жатақхана тәрбиешісі: Г.Смаилова мен  кітапханашылардың  ұйымдастыруымен  жатақхана  студенттері арасында » Төлеби  бабамызға-360 жыл» толуына орай «Туралықты тұғыр еткен Төле би» атты тарихи сағат өткізді.

Мақсаты: Қазақ халқының ұлы  тұлғаларының  бірі  Төле би Әлібекұлының   өмірі мен халқы үшін жасаған  еңбегімен таныстыру. Төле бидің даналығы,шешендік тапқыр сөздері жайлы түсіндіру,мәлемет беру;

Төле би тарихи биік тұлға дәрежесіне  жетуіне  себеп болған тұлғалық  қасиеттерімен таныстыру.

Төле бидің ел мұратына деген кіршіксіз адалдығы, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқаттыту етіп көтеруі туралы баяндалды.

Сонымен қатар адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі, бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін таптырмас  өнеге екенін айтылды.

  1. «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасының жоспарына сәйкес №8 колледж кітапханасы«Бабалар үні » ауызша журналөткізілді.

Мақсаты: Бабаларымыздың  болашақ ұрпақтары үшін  еткен ерен еңбектері мен ерліктерін студенттерге кеңінен насихаттау болды.Іс-шараға қатысқан студенттер ерекше әсер алды.

Сілтемесі: https://www.facebook.com/100063507057164/posts/pfbid0NyxqhtGqJZzYBxD1WGHot1gkwJN2cHgXuhTHP4Cfid1kkNMFTGFE1pxsWS29y4Z3l/?mibextid=Nif5o

 Желтоқсан

 1.2023 жылдың 15- желтоқсанда Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай, колледж кітапханасында  Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында «Қаһарман жастары ерлігі» тақырыбында кітап көрмесі жасалып, кітапхана оқырманы «Аспазшы» мамандығының студенті Баратбай Самал өзінің Тәуелсіздікке арнаған өлеңін тарту етті.

 Көрменің мақсаты: Желтоқсан оқиғасының арқасында Тәуелсіздікке жету жолында үлкен үлес қосқан тұлғаларымыз жайлы студенттерге түсіндіру. 1986 ж. Желтоқсанда болған оқиғалар туралы мағлұматтар беру. Желтоқсан құрбандарына әрдайым құрмет көрсету. 

🇰🇿Тәуелсіздік мерекесін Қазақстан халқы жүрегімен сезінуі керек.   Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіреті, күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында.  

ҚР Тәуелсіздік- бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамның өтеуі.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02XchZ4xPFT5PSqyek2rKw19jjM2mKcEFqSYKDVJwN1cZZPdqEQ3ojYMMpAK8bfe23l&id=100063507057164&mibextid=Nif5oz

Қаңтар

  1. 10- қаңтар Қазақстар Республикасының Ұлттық ұланы  күні  Аудандық орталық кітапханамен бірлесіп колледж студенттерімен  кездесу кешін ұйымдастырды.  Кеште елдің ұланы қандай болу керек сол туралы мәліметтер айтылды.Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы — Қазақстан ішкі істер органдарының біртұтас жүйесіне кіретін құқық қорғау функциялары бар әскери құрама.

 1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері құрылды. 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.

Сілтемесі: https://m.facebook.com/story. php?story_fbid=18654194575426 &id=100031953822450

 2. Әбілхан Қастеевтың туғанына 120 жыл толуына орай кітапхана оқырмандарымен «Әбілхан Қастеев – бейнелеу өнерінің шебері»  тақырыбында        өнер  сағатын         өткізді.                                                          Мақсаты: студенттердің өздері оқып танысқан бейнелеу өнеріндегі қылқалам шебері, белгілі суретші жайында деректер бере отырып танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау. Оқырмандар Әбілхан Қастеевтің сурет портреттерін, бейнелеу өнері жайында айта отырып өнерді, елін сүюге тәрбиелеу.

Туған тарихын қастерлейтін, туған жерінің қадір – қасиеті мен елдің ерлігін дәріптей білген, төл тарихын қылқалам арқылы сөйлетуге құлшына кіріскен Әбілхан атамызды бүкіл ауыл – аймақ «Көзінде айнасы бар бала» деп атайтын. Түкпірдегі бір ауылда туып өсіп, даңқы төрткүл дүниеге жайылған сол қарпайым Қастеев қазақ халқының ұлы тұлғасы болып қала бермек. Оқырмандар Әбілхан атамыздың  салған суреттерін  қызыға салып. Өнерін бағалады. сабақ қызықты өтті.

Сілтемесі: https://m.facebook.com/story. php?story_fbid=&id=100031953822450

 

«Махаббат қызық мол жылдар » Фильм

№8 колледж кітапханасы «Оқуға құштар колледж»  жобасы аясында өткізілген  «Кітаптар желісімен түсірілгенӘзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» киносында  бірін-бірі шынайы, кіршіксіз сүйген Ербол мен Меңтайдың оқиғасы суреттеледі. Кітап мазмұны соғыс кезеңінен кейінгі өмірді суреттейді. Сол кинодағы басты рольдегі Ербол – шығарманың басты кейіпкері,өтесабырлы,ақылды,тарбиелі,адал,ұяң жігіт. Меңтай – шығарманың негізгі кейіпкері, тәрбиелі,ақылды, өзгелерге ұқсамайтын ерекше мінезді қыз. Ербол мен Меңтайдың сүттей аппақ,судай таза махаббатын бейнелейді. Олардың қосылу жолындағы қиыншылықтары, басынан өткерген сәттері өте қызықты. Аз да болса кіршіксіз шынайы сезімнің дәмін татып қалады. Сонымен қатар Отанға деген,анаға,балаға деген махаббат көрініс табады.Студенттер киноны қызыға тамашалап, сол кинодан өздеріде  қысқашаүзінді көрсетті.

Мақсаты:  Ұмыт бола бастаған туындыларды оқырмандарға рухани қайта дәріптеу. Кино өнерінің ерекшеліктері және тарихымен танысу. Студенттердің белсенділігін, көркемдік талғамын дамыту.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02ZsuPKE57yFXRRg8NFbBrYBXH5HPxZ1AmiVkMWnTq9NsadsYc7H3Sc47d4JLrvTjhl&id=100063507057164&mibextid=Nif5oz

Ақпан.

 1.№8 колледж  кітапханасы  кітап оқуға шақыру мақсатында  «Оқуға құштар колледж» челленжінжариялады. Мақсаты кітапхана оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылығын ояту. Өз ойын еркін жеткізетін жастарды тәрбиелеу

Оқырмандар өздері оқыған кітаптарын қысқаша баяандады.  Өздері сүйіп оқыған кітаптарын жарнамалап оқуға кесең берді.

Сілтемесі: https://m.facebook.

com/story. php?story_fbid=180417283033398 &id=100031953822450

 2. Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай « Қазақ киносының атасы» Әдеби шолу өткізілді.

Мақсаты: қазақтың әйгілі әртісі, режиссер, Қазақтың халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. КСРО Халық әртісі, КСРО  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың шығармашылық өмір жолымен таныстыру.Шәкен Аймановтың есімі қазақ киносымен қатар айтылады. Себебі оның режиссерлігімен түсірілген туындылар ұлттық кино тарыхының бастау бұлағында тұр. «Алдар көсе», «Атамекен», «Тақиялы пе­ріште, «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» сынды фильмдері талай ұрпақты тәрбиеледі. Экранға шыққанына жарты ғасырдан асса да, көрерменін жоғалтпаған классикалық туындылар. Студенттер кино майталманы туралы мәліметтер алды. Алдар көсе киносындағы қызықты сәттерін талқылады.

https://m.facebook.

com/story. php?story_fbid=202428104165649&id=100031953822450

3.15 ақпан.  Кеңес әскерлерінің Ауған-Тәжік жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, колледжде АӘД пән оқытушысы С. Сихимбаев, кітапханашылар және Г.Назарбекованың ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жалыны» атты тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен тарихи кеш өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты:  Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, студенттердің қабілеттерін, патриоттық рухтарын ояту. Тарихи оқиғаны тыңдап, кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.                   

 Іс-шара мемлекеттік Әнұранымен басталып, колледж директоры Н. А. Калиева ашып берді. Кешегі сұрапыл соғыста Отан үшін от кешіп, қаһармандықтың, ерліктің үлгісін көрсете білген ардагерлерді құттықтап, ізгі тілегін айтып, алғысын білдірді.

Әрі қарай ардагерлер таныстырылып, сөз кезегі берілді. Ардагерлер өздерінің соғыста көрген азапты уақыттағы қиыншылықтарымен бөлісті. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын тыңдады. Ауған соғысына Төлеби ауданынан 113 жауынгер қатысқандығын да айтып өтті.                    

Студенттер ардагерлерге арнап, өлең шумақтарын оқып, патриоттық әндерін орындады. Бейнероликтер көрсетілді.  Ауған соғысы Кеңес дәуірінің ең қасіретті беттердің бірі. Ол тек соғыс ардагерлерінің ғана емес, кейінгі ұрпақтардың да есінде мәңгі сақталады!- дей келе, ардагерлерімізге алғыс білдіріп, тағзым етеміз!!!

Сілтемесі: https://www.facebook.

com/share/1skSWUqBv6fYzHH4/?mibextid=oFDknk

  1. «Кітаптан жұлдыз жауған» кітап көрмесі

  Кітапханада 14- ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне   «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында  «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы бойынша жаңа кітаптармен толығуда. 

Бұл мерекенің мақсаты: Қарапайым  және мейірімге толы барлық адамзатты кітап оқуға шақыру. Балаларға көбірек кітап сыйлап, сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады. Яғни, адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн. Олай болса,Төлеби аудандық, қалалық кітапхана қызметкерлері өздерінің жеке кітап қорынан, колледж кітапханасының оқырмандарына құнды кітаптарды сыйға тартты.

📖Кітап сыйлаған барша кітап жанашырларына алғымыз шексіз!!!  

 

Наурыз

1.2024 жылдың наурыз айының 1- жұлдызында №8 колледжде «Алғыс айту күніне» орай, таңғы жиында  колледж оқытушылары А.Шегебаев, Қ.Темирбеков, Г. Назарбекова және кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Алғысым шексіз» атты мерекелік іс-шара болып өтті.      

Іс-шараның мақсаты:  жастардың бойына бауырмалдылықпен мейірімділікті ұялату және әрдайым алғыс айтып жүруге шақыру.

Мерекелік іс-шара барысында колледжде көп жылдар бойы еңбек еткен зейнет демалысындағы  Я.Х.Билалов, А.С.Усипбаева және Д. Б. Налибаев есімді ардагерлеріміз қонаққа шақырылып, колледж директоры атынан сый-құрмет көрсетілді. Ыстық ықылас пен жылы лебізге толы іс-шарамыз әсем әндермен әрленіп, жоғары деңгейде өтті.

https://www.facebook.com/share/g7ibEubgBWthHcEc/?mibextid=oFDknk

2.Ұлыстың ұлы күніне орай   кітапханада « Тәлімгер не оқиды»  акциясын өткізілді.  Акцияның мақсаты:  Кітапханашы ұсынған кітаптарды оқуға студенттердің назарын аудару. Бабалардан аманат болып  жеткен ұлттық салт- дәстүрімізді және отбасы дәстүрлерін талдау, оқырмандардың жалпы дүниетанымын кеңейту, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт – дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Кітапханашы салт – дәстүр туралы оқылған кітап – авторы мен атауы туралы ақпарат берді.  Колледж студенттері өздері оқыған салт – дәстүр кітабын талқылады. Наурыздың шығу тарихы кітабын талдау жүргізді. Бата беруді  әрбір өскелең ұрпақ білуі керек екенін түсіндірді.

Сілтемесі: https://m.facebook.com/story. php?story_fbid= 207201657021627&id=100031953822450

  1. 3. №8 колледж кітапханасында «Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге  Ғабит Мүсіреповтың  кітаптары қойылды.  Қазақ солдаты романындағы кейіпкерлер  Қайырғали, Шеген, Бораш, Ақбота шығарма кейіпкерлерін студенттер  белсене қызықты етіп айтып, романды  талқылады.

Сілтемесі: https://m.facebook. com/story. php?story_fbid=202428104165649 &id=100031953822450

  1. 4. Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай тұлға тану сабағын өткізді.                                                                                           Мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицистің өмір жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, өмір жолын таныстыру тағылымын тарату.

 Жүсіпбек Аймауытұлының әр туындысы патриоттық сезім, күрескерлік рухқа толы. «Ол поэзия, проза, драматургия, публицистика, сын жанрларында жаза отырып, қазақтың қамы мен қасіретін астарлап жеткізе білген қаламгер» Бір ғана қыздың өмірбаянын жазып отырып, жалпы қоғамдағы қордаланған мәселелер, келеңсіздіктер, Ресей патшалығының қазақ жеріне басып кіруі, сол кездегі қазақ қызының тұрмыс-тіршілігі, бар болмысын бір ғана «Ақбілек» романына сыйғызу ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі ұшан теңіз. Ақбілек романы туралы студенттер өз ойларын тыңғылықты жеткізді.

Сілтемесі:https://m.facebook.com/story. php?story_fbid=189989042076222

&id=100031953822450

5.№ 8 колледж студенттері 8 наурыз мейрамына қарсы  аудандық орталық кітапхана ұжымын құттықтап қайтты. Кітапхана пәтерінде ұжымдағы аналармен «Еркін микрафон» арқылы  колледж студенттеріне сұрақтар қойылып, ашық  ойларын  жеткізе білді. Ана туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Кеш  көңілді өтті және  аналарымыз қуанып өз алғыстарын білдірді.    

Сілтемесі: https://m.facebook.com/story. php?story_fbid= &id=100031953822450

Сәуір

  1. 1. Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. Қаныш Сәтбаев – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясы тұңғыш президенті.

Қаныш Сәтбаев көп жылдар бойы Жезқазған, Қарсақбай, Ұлытау, Торғай, Атбасар, Есіл даласын зерттеді, Жезқазғанның жер асты байлығын анықтап, көптеген кен орындарын ашты. Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде Ембі мұнайы, Ақтөбе даласында газдың мол қоры бары анықталған.

Сәтпаев 641 еңбектің авторы, оның 534-і орыс тілінде, 98-і қазақ, қалғаны басқа тілдерде жазылып, жарық көрді. Ол Қазақстанның минералдық қоры, мыс рудалары, түсті металдары, көмір, мұнай, газ, басқа да шикізат ресурстары жайында жазды.

Қаныш Сәтбаев тек ғылыммен ғана емес, қазақтың тарихын, әдебиетін, өнерін зерттеумен айналысты. Оның сегіз қырлы бір сырлы болмысын жазушы Мұхтар Әуезов былай деп сипаттаған: «Қаныштың үлкен бір ерекшелігі – ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, филологпен өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе біледі. Мамандық тілдерімен үндесіп, ұғыса біледі» Қаныш Сәтбаев саналы ғұмырын қазақ даласының байлығын зерттеуге арнаған.

Сілтемесі: https://m.facebook.com/story. php?story_fbid= 207201657021627&id

=100031953822450

2.№ 8 колледж кітапханасы «Кітапты бірге оқимыз» атты  Библио-крос жариялаған  болатын . Библио кросстың мақсаты оқырманды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.  Колледж  студенттері өздері қызығып қатысып, оқыған кітаптарына үзінділер айтып берді.

Сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=360349778373480

&id=100031953822450

  1. 3. 2024 жылдың 23 сәуір күні колледж кітапханасында, дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Әлемді кітаппен таны» атты кітап көрмесі қойылып, тақырыптық сағат өткізілді.

Көрмеге қорға келіп түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында түрлі саладағы ақын-жазушылардың әдебиеттері қойылды. Оқырмандар кітаптың шығу тарихымен танысып, кітапқа деген қызығушылықтарын жандандырды. Кітаптың адам өмірінде алатын орны мен пайдасы туралы әңгімелер айтып ой бөлісті. Оқырмандар өздерінің оқыған кітаптары жайлы да қысқаша ойларын айтып өтті.  

  Кітап-адамның жан дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі!

 Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына- кітаппен достығымыз үзілмесін!

https://www.facebook.com/share/9RjMGqvC8N5ERLWh/?mibextid=oFDknk

  1. 4. 15 сәуір кітапханада Қозы Көрпеш Баян сұлу ғашықтар күніне орай «Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі»  печа куча таныстырылым өткізілді.

Мақсаты : оқырмандарға жаңадан шыққан кітаптарды таныстыру,  кітаптың әрқашанда жаңалықтың жаршысын айтатын құрал екенін түсіндіру. Студенттерге  Махаббат туралы кітаптарды  Ғашықтар жырындағы ғашықтар туралы қызықты деректер айтылды қазіргі кездегі махаббат пен бұрынғы кездегі махаббат тақырыбы қозғалды студенттер өз ойларын ашық айтып пікірлерімен бөлісті.

Сілтемесі: https://m.facebook.

com/story. php?story_fbid=178045803270546 &id=100031953822450

Мамыр

  1. 1. №8 колледж МКҚК-да 2024 жылы 6- мамырда Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 79 жыл толуы қарсаңында колледж кітапханасында «Ұранды ердің- ұрпағы қайсар» тақырыбында студенттермен тарихи танымдылық сағаты өтті.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым айта отырып, олардың батырлық ерліктеріне құрмет білдіру. Кеңес Одағы батырларының жеңіске қосқан үлестерін санамыздан өшірмей ұрпақтан- ұрпаққа аманат ету.

Шара барысында сұрапыл соғыс туралы мәліметтер кеңінен айтылып, батырлар жайында мағлұматтар берілді. Студенттер батырларға арнап өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Естаев студенттерді мерекемен құттықтап, жеңістің құндылығы мен мақсатын айқындайтын аталы сөздер айтса, кітапхана меңгерушісі А. Накипова және Г.Назарбекова ауданымыздағы ардагерлер жайында  материалдарды студенттер назарына ұсынды. Студенттерге тарих бетіндегі сұрақтар қойылып, өзара пікір алмастырылды.

9-мамыр еліміздің тарихындағы ерекше ұмытылмас күн. Бұл күн ерлік пен батылдықтың, Отанға деген сүйіспеншілігі болып саналады.     

Еліміздің жарқын болашағы жолында жанын қиған аталарымыздың ерлігін ардайым есте сақтап, тағзым етіп, алғысымызды білдіреміз!

Сілтеме: https://www.facebook.com/share/p/mfk9VMYq4JxTsFdU/?mibextid=oFDknk

  1. 2. Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына әдеби таныстырылым сағаты өтті.«Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?», – деп өскелең ұрпаққа ұлағатты сөзін мұра етіп қалдырған Ілияс Жансүгіровтың ешқашан ескірмейтін, жылдар жылжыған сайын сан қырынан жарқырай беретін шығармашылығана терең бойлау, тұлғалық бейнесін жандандыру – ұлт үшін ұлы іс.Талантты ақынның сан салалы, көп қырлы шығармаларының іргетасы сонау қазақ халқының фольклорлық мұрасы, Абай поэзиясы мен дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері арқылы қаланса керек. Жұрт тұрмысынан хабардар, қазақ тілінің бай мұрасын бойына жинақтаған бозбала әдебиет майданына ең алғаш 20-жылдардың басында ғана қадам басады. Небәрі 5-6 жылдың көлемінде қатарынан оза шапқан ақынның алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көреді. «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты классикалық шығармалары арқылы Ілияс поэзиясының ақылға – нұр, көңілге нәр берер, ешқашан «қартаймайтын» мәңгі жас поэзия екендігін аңғарамыз.
  1. 3. «Бір ел – бір кітап» 2024 жылы таңдап алынған Республикалық акциясы бойынша «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында қазақ прозасына ерекше өрнек ғажайып сыр әкелген балалар әдебиетінің классигі қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары оқуға таңдалып алынды. Б.Соқпақбаев шығармашылық қызметін ақын ретінде бастаған. 1950 ж «Бұлақ» атты алғашқы  өлеңдер жинағы жарық көрген. Автордың ерекше сенімділігі мен жинақ бірден өз оқырмандарын таба білді. Бердібек Соқпақбаев прозада да бағын сынап, күрделі емес, бірақ қазақ ауылының өмірі мен тіршілігінің көлемді бейнесі суреттелген «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы» повестері тек балалардың ғана емес ересек оқырмандардардың да жүрегінен орын тапты. 1930 жылдардағы кішкентай кейіпкердің жағдайы арқылы өтетін повесть сол уақыттағы оқиғаларды және қазақ халқының қиын кезеңін еш боямасыз көрсетеді. Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылығының халық өмірінен бастау алғаны айтқандай жазушының бейнелеу қаблеті өте бай.  Кейіпкерлердің ішкі  ой- пікірлері жазушының басты көркемдік әдісі болып табылады.

Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқырманды кітап оқуға шақыру. Ұлттық әдебиеттің үздік туындыларын, рухани мұраны сақтау, оған жастарды тарту

Сілтемесі: https://m.facebook.com/story. php?story_fbid=189989042076222

&id=100031953822450

4.«№8 колледж» МКҚК-де мамыр айының 29 және 30- жұлдыз аралығында, «31мамыр-саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай ұйымдастырылған тарихи танымдылық сағаты өтті.

Мақсаты: Жастарды өткенін құрметтеуге, тарихын ұмытпауға, Ұлы тұлғаларды ұлықтауға шақыру.

Екі күнге созылған іс-шара барысында қабырға газеттері ілініп, студенттерге арнайы фильмдер көрсетіліп, тарих пәнінің оқытушысы А.Бұхарқызы зұлмат жылдардағы азапты күндерден сыр шертер баяндамасымен таныстырса, колледж кітапхана меңгерушісі А.Накипова және кітапханашы А. Мауленова студенттерді жинап «Өтебайдың кітабын неге өртеді» атты мақала аясында дөңгелек үстел өткізді. Тақырып жан-жақты талқыланып, студенттер тың мәліметтерден хабардар болды. Қорытындылай келе студент жастар екі күндік іс-шарадан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Іс-шара өз деңгейінде өтті.

Сілтеме:https://www.facebook.com/share/p/eFV4eKbn9eTihiXs/?mibextid=oFDknk

Маусым

  1. Мамыр айының 31 жұлдызында «1-маусым-халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Бақытқа толы бал шағым» атты іс-шара және бааларға арнап кітап көрмесі қойылды. Іс-шара барысында колледж басшылығына арнайы құттықтау сөз беріліп, ашық деп жарияласа, арнайы шақыртумен келген Облыстық және Республикалық байқаулардың жеңімпаздары, өнерпаздар, Төлеби ауданының мақтаныштары үшінші және бесінші сынып оқушылары Бақтиярұлы Айғасыр және Салимхан Олжас көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Сонымен қатар колледж белсенділері «Мен бақытты баламын» атты эсселерін көпшілік назарларына ұсынды. Мерекелік шара соңында арнайы келген жас өнерпаздардың ата-аналары және ұстаздар қауымы сөз сөйлеп барша көрермендерді ертеңгі айтулы мерекемен құттықтап, белсенді студент жастар және өнерпаз өрендер колледж директорының алғыс хатымен марапатталып, барша студенттерге директордың ТЖЖ орынбасары А. Естаевтың бастамасымен тәттілер таратылды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

https://www.facebook.com/share/p/FS4gnV3RGpFfVd5v/?mibextid=xfxF2i

2.4- маусым Рәміздер күніне орай  № 8 коллед кітапханашылары 1 топ студенттерімен  №3 қалалық кітапханада «Рәміздер – ел беделі» атты іс –шара өткіздік.  Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту.

Сілтемесі: https://m.facebook.

com/story. php?story_fbid=123004776493090 &id=100063507057164

 

  1. Абай – дана, Абай – дара қазақта! Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған  әдеби — сазды кеш.

Мақсаты: Ұлы ақынның  өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, поэмаларын, әндерін әуелетіп шырқауға, көркем сөйлеуге, өз бетімен ізденуге, жас ұрпаққа Абай шығармашылығын сүйіп оқуға тәрбиелеу және қасиеттерін үлгі ете отырып білім-ғылымға құмарлығын арттыру.

Көрнекілігі:  кітап көрмесі, буклет, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, слайд, бейнеролик.

  1. 9 ақпан (1931-1976)                       М.Мақатаевқа 90 жыл «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Поэзия кеші.

Мақсаты: XX ғасырдың  таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.   ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай  білу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру,  отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға үйрету, ақынның  парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу .

  1. Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым» атты сазды кеш.

Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын студенттерге  насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне Аяулы ақын апамызға деген, қазақ халқына деген  сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Ақынның суреті, «Поэзия падишасы» кітап көрмесі, слайд, өлеңдері.

  1. 28 ақпан Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына

175 жыл. Шығармашылық кеш.

 

Мақсаты: Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша  білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:   Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін    қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=140813258045575&id=100063507057164

  1. 14 сәуір. Кітап сыйлау күні.

          Колледж  кітапханасына   №3 қалалық кітапхан  ұжымы бізге арнайы  2 кітап сыйлады. Кітап сыйлаудағы мақсаты оқырманды жан – жақты дамытуға кітаптың өте қымбат қазына екендігін ұғындыру.  Журналист- жазушы   Жеңіс Баһадүрің «Үңгірден шыққан адам» Кеңес Исмаиловтың «Угамский транзит»  кітап  жайында қызықты мәліметтер баяндап берді. Оқырмандар кітаптар туралы сұрап өз ойларын ашық айтты.

6. Колледж кітапханасының оқу залында Қазақтың тұңғыш кәсіби балуаны, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған  «Күш атасы Қажымұқан» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып баяндама оқылды.

 Басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың бойына ата-бабаларымыз аманаттап кеткен қасиеттерін түсіндіру. Ата-бабамыздың біздерге қалдырып кеткен мұрасын жаңғыртып, соның негізінде жастарды тәрбиелеуге баулу. Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін ұлықтау, мәңгілік есте сақтау.

Қажымұқан атамыз – бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға айналған адам. Кей деректерге сенсек, балуан бабамыз күрестің бірнеше түрінен 54 мемлекетте белдесіп, 48 медаль олжалаған. Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасұлы ел есінде бозкілем төріндегі балуандығымен қатар, домбыра шертіп, ән салған сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз ретінде қалған.

  1. Музейге саяхат.

Төлеби ауданындағы тарихы музей – ауданның  мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани — идеологиялық тәрбие беру орталығы. Бұл орталық — ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланыстыруға ұмтылатын, ел келешегін жалғастырушы. Музейге саяхаттап студенттер көп құндылықтарды көріп рухани жаңарып қайтты.

  1. Ұлы Отан соғысының  жеңісіне – 76 жыл толуына  арналған

 «Желбіре, Жеңіс жалауы»  атты  мерекелік патриоттық  іс-шара. 

Мақсаты: 1941 — 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстандықтардың майданда және тылда көрсеткен ерен ерлік істерімен таныстырып, ой — өрісін дамыту. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу. Оларға патриоттық тәрбие беру. Студенттерге  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

9.  «Дін – тәрбиенің рухани тірегі»  атты аудандық кітапханамен бірлесіп түсіндіру сабағын өткіздік.

Мақсаты: Оқырмандарға  діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігіне құрметпен қарауға сенімін арттыру.

  1. «Менің отбасым-менің байлығым» атты колледж оқырмандарымен дөңгелек үстел

Отан отбасынан басталады  демекші ,отбасында құндылықтар мол болған сайын әр отбасында  тәрбиеленіп, өсіп келе жатқан  ұрпақ отбасылық махаббатқа ,ата-ана мейіріміне, шапағатына бөленіп, болашақта отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатынына  нық сеніммен қарауымыз керек.

11.  10 қазан ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110  жыл толуына орай  «Қалам мен қаруды қатар ұстаған — дара тұлға»  тақырыбында  әдеби — музыкалық  кеш.

 

Мақсаты: Студенттерге ақын шығармашылығымен, өмірбаянымен, азаматтық тұлғасымен таныстыру, Поэзияны сүюге үйрету, оның құдіретін сезіндіру. Студенттердің өлең оқу, көркем сөз оқу, ән айту қабілеттерін дамыту, өлең жазуға, ән айтуға қабілеті бар балалардың талабын ұштау.
Көрнекілік: Қасым Аманжоловтың портреті;  «Қасымнан — ғасырға» кітап көрмесі,  Ақын жайлы бейне көрсетілім.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=307864348007131&id=100063507057164

  1. 15 қазан Кітапханашылар күніне «Әлемді жақсарту үшін кітап оқы» атты дөңгелек үстел өткіздік.

Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту сөздік қорларын молайту, өз ойларын нақты жеткізуге  сауаттылығын арттыруға баулу.  Кітапхана біздің рухан  құндылығымыз демалып, білген – білмегенді танитын керемет орын. Кітапхана оқырманың  рухани талап тілегін ақпарат көздерін жинақтап оқырманға жеткізу

НАШ АДРЕС

161100 г. ЛЕНГЕР
ул. А.Байтурсынова 25А
тел: тел/факс 8 (72 54 7) 6 — 46 — 03
E-mail : tolebi – pl 8 @ mail.ru.

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ