УПРАВЛЕНИЯ РАЗВИТИЯ ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

«КОЛЛЕДЖ №8»

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

ИЗ НАШЕГО КОЛЛЕДЖА ВЫХОДЯТ САМОСТОЯТЕЛЬНЫЕ, ЗДОРОВЫЕ, ВОСТРЕБОВАННЫЕ ЛИЧНОСТИ, НАСТОЯЩИЕ ГРАЖДАНЕ И ПРОСТО ХОРОШИЕ ЛЮДИ

естаев-crop-u13027

Естаев Алмас Койшыбаевич

Заместитель директора по воспитательной работе

Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
Антон Макаренко

Воспитание – процесс непрерывного творческого поиска. Ведущая роль в воспитании студентов принадлежит преподавательскому составу колледжа. Сегодня воспитание понимается не только как передача опыта от старшего поколения к младшему, но и как сотрудничество преподавателей и студентов в сфере их совместной (учебной и внеучебной) деятельности.
Воспитание в колледже представляет собой важнейший способ социализации и адаптации молодого человека в постоянно меняющемся обществе. Стратегические цели концепции воспитательной деятельности учитывают то, что молодой человек является носителем ценностей общецивилизационных и казахстанской культуры, менталитета казахстанского гражданина, что выступает основой формирования самосознания у студенческой молодежи.
Карагандинский коммерческий колледж – это образовательное учреждение, цель которого обеспечить необходимые условия для личностного развития специалиста: высококультурного, компетентного, профессионального, социально зрелого, способного к самореализации, адаптированного к жизни общества, конкурентоспособного на современном рынке труда, гражданина, патриота.

ТӘРБИЕ ІСІ БОЙЫНША  2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

  • 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері  

    Кешенді  жоспардың  нұсқаулығы

    Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті.Біздің келешегіміз–жасұрпақ, алұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

    Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету,толыққанды білім алуына жағдай жасау,олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау  Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

    Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс.Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны,сынып сағаттарының және мектептен,сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан- Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі» — дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін:

    • еңбастысы,әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;
    • халқымыздың дүние танымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;
    • әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.

    «Бір тұтас тәрбие бағдарламасы»– ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімд іигерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

    Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

    Мақсаты: Жалпы  адамзаттық  және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

    Міндеттері:

    Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

    Ұлттық мұраны қастерлеуге ,қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға , отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

    Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы  болуға, ар-ұждан ,намыс, жауапкершілік, мейірімділік,қамқорлықпен

    әділдік  қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

    Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмірсалтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

    Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

    Күтілетін  нәтиже:

    Ата-насын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы  мен берекесін  қадірлейді.

    Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

    Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

    Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.

    Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды,табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.

    Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ  МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

    Ұлттық мүдде  құндылығы:

    Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;

    Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;

    Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

    Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;

    Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

    Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

    Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;

    Ұлттық мәдениетті дәріптеу;

     Күтілетін нәтижесі:

    Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл

    Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді

    Елінің тарихын құрметтейді

    Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді

    Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары

    Ар-ұят құндылығы:

    Академиялық адалдық қағидатын қолдау;

    Адал еңбекті құрметтеу;

    Сөзіне берік, ісіне адал болу;

    Халқына адал қызмет ету

    Әдеп нормаларын ұстану;

    Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну;

    Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;

    Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.

    Күтілетін нәтижесі:

    Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды;

    Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;

    Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды;

    Достарын, сыныптастарын сыйлайды;

    Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.

    Талап құндылығы:

    Сыни және креативті ойлау;

    Жеке және командамен жұмыс істей білу;

    Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

    Физикалық белсенді болу;

    Салауатты өмір салтын ұстану;

    Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;

    Дұрыс қарым-қатынас орната білу;

    Уақытпен қаржыны тиімді жоспарлау.

    Күтілетін нәтижесі:

    Жан мен тән тазалығын сақтайды;

    Дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;

    Қоршаған орта тазалығын сақтайды;

    Ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;

    Ізденімпаз, жасампаз тұлға.

    Тәрбиенің кешенді жоспарын  іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар:

    Жастар  тәрбиесі(15-18жас)

    Ұсынылады:

    • жастар тәрбиесі ел мен жертұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адалеңбекпенқызмететуге,қоғамигілігіүшіназаматтықбелсенділіктанытуға,жауапкершіліктісаналытүсінуге,салауаттық,зияткерлікқұндылықтарынанегізделгентәрбиегебасымдықберілуітиіс;
    • ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышынөтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтіктәжірибелермен жобаларға жастарды тарту;
    • ұлттыңтарихисана-сезімінжаңғыртудыңмаңыздылығы,тарихитөлшежіресіндәріптеугеайырықшамәнбереотырып,халқымыздыңата-бабаданмирасболыпқалғанмұрасындәріптеу,ұлттыңкодынсақтауда жастардыңбойындағырухтыояту,отаншылдықпенмемлекетшілдік сезімдерінарттыруға бағытталғаншаралар ұйымдастыру;
    • отбасықұндылықтарындәріптеуге,отбасынқұруғажауапкершіліктітүсіндіругебағытталғаніс-шараларғатарту;
    • адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарындұрысанықтауғақолдаукөрсетуұсынылады.

    Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті:

    • балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық,тарихи және мәдени құндылықтарға,мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету,жоғары имандылық,патриоттық,қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
    • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын,құзыреттерін,өздігінен жұмыс істеуін,шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмірсалты мәдениетін қалыптастыруға.

     

    Кешенді жоспарды іске асыруда:

    Облыстық әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері

    «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетеді. Оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді.

    • Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
    • Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
    • Тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
    • Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен
    •  

    бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің  өкілдері мен өзара іс-қимылын үйлестіреді.

    Тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлардың міндеттері:

    • Салауаттыөмірсалтынаынталандыру;
    • Сыныптадостықортаны,өзаратүсіністіктіқұру;
    • Білімалушылардыңбасқаларғадегенжауапкершілігін,ұжымдажұмысістейбілугебаулу;
    • ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңдыөкілдерге)арналғанконсультациялар);
    • білімалушылардыңоқужетістіктеріжәнеішкітәртіпережелерінсақтаумәселелерібойыншаата-аналарменөзараәрекеттесу;
    • аптасынабірреет(дүйсенбіде)сыныпсағаттарынөткізу.

    Кешенді жоспардың орындалуын бақылау мен басшылық

      жасау білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктеледі.

    Орындалған іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялау,Біртұтас тәрбие хештегін тегтеу

    Ескерту:Біртұтастәрбиебағдарламасышеңберіндетәрбиеніңкешендіжоспарыніскеасырудаұсынылғанмақсат,міндеттермен мазмұнын сақтайотырып,өңірдегіжергіліктіерекшеліктердіескерумаңызды.

    Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесі құжаттар:

    • «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы

    https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;

    • Қазақстан Республикасының Конституциясы

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;

     2023 оқу жылының 23 тамызында Қазақстан  Республикасының оқу-ағарту  министрлігінің  № 130  бұйрығының өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес және «Біртұтас  тәрбие бағдарламасы» негізінде 2023-2024 оқу  жылының  жылдық  тәрбие жоспары «Ұлттық  мүдде (Отан);Ар-ұят;Талап;» құндылықтары  бойынша түзіліп  бекітілді.

Білім күні : 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ,табысты ұлт» ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие тақырыбы аясында «№8 колледж» МКҚК-да арнайы салтанатты іс- шара аталып өтілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды. Жаңа білім алушы талапкерлерді оқу орнының басшысы Н.А. Калиева, Білім күні және Ата Заңымыз Конституция күні мерекесімен құттықтап,білім алушылардың оқуларына сәттілік тіледі. Ата- аналарда барша студенттерді білім күнімен құттықтады.

КОЛЛЕДЖ ҮШІН ЖЕТІСТІК !

Биылғы оқу жылында Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» ұйымдастыруымен колледждер  арасында өткізілген « Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз» атты өнер фестивалінде №8 колледж үздік шығармашылықпен танылып І-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН  және 250000 теңгелік сертификатпен марапатталды.

                           №8 колледж МКҚК мекемесін құттықтаймыз.

     Сілтемесі :https://www.facebook.com/share/p/8XnDwLQfuXPj7oaf/?mibextid=oFDknk

Салтанатты бағдарлама: 25 қазан  Республика күніне орай «Қазақ елі менің-Отаным» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті.Іс-шараның мақсаты: «Біртұтас тәрбиеге» негізделген үш құндылықты қамти отырып, жастардың бойына Отаншылдық, ар-иман, адамгершілік қасиеттерін ұялат.Іс-шараға облыстық білім беруді дамыту орталынан және өзгеде колледждерден 

 

 

арнайы қонқтар келіп, колледждің белсенді студенттертерінің қарымын байқап, мерекеге қатысты.

Сілтемесі: https://www.facebook.com/photo.php?fbid=832901805503380&set=a.127081359418765&type=3&mibextid=r5uJeJ

Қатысқандар:Өнерлі жастар ұйымы және студенттік парламент студенттері

Қатысқан студенттері саны: 20болды

Ұстаздар күні:Ұстаздар күніне орай таңертеңгі жиында колледж студенттері жол бойына тізбектей тұрып, ұстаз туралы әндермен, қошеметпен коллеж ұстаздарын қарсы алды. Әрмен қарай колледж клубында «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік» атты тақырыпта концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерт барысында «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы  және  «Жастар ресурстық орталығының басшысы» арнайы келіп колледж ұстаздарын арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Концерттік бағдарлама «Қазақ» биімен ашылып, өзбек, лезгин билерімен жалғасты, кеш барысында ана туралы әндер орындалды. Концерттік бағдарлама студенттердің орындауымен « Ұстазым» атты әнімен аяқталды.

Сілтемесі: https://www.facebook.com/100063507057164/posts/pfbid0tTQAG97vWq8765ZZ4BYGKBsJ3h8hFSTJzCD22D9mAYg3PKjEJqFZmeAJBKpqoKAEl/?d=w&mibextid=qC1gEa

Ролик:https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=818663200260574&id=100063507057164&mibextid=Nif5oz

Сандықша:https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=819356286857932&id=100063507057164&mibextid=Nif5oz

Қатысқандар: Студенттік парламент студенттері

Қатысқан студенттері саны: 20-болды

Қайырымдылық акциясы: 20.06.2024жылы №8 колледж МКҚК-да «Қамқор» қайырымдылық акциясы ДТЖЖО А.Естаев, Жастар инспекторы И.Байдүйсенова және әлеуметтік педагог М.Оразбайдың ұйымдастырымен өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады. Қайырымдылық — қазақ халқының ең ізгі де асыл қасиеттерінің бірі. Көп балалы,аз қамтылған, жетім, қамқорлыққа алынған балаларға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Акцияға демеушілер оз тараптарынан көмек қолын созып, заттар студенттерге берілді.

 

Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/p/wFgtyocGsjT4VVmw/?mibextid=oFDknk

ЕРІКТІЛЕР  КӨШБАСШЫСЫ САЙЛАНДЫ!

Ерікті сайлау: Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен 8-колледжде Еріктілер көшбасшысы сайланды.

Іс-шараның мақсаты еріктілер клубын жандандыру, еріктілер тобының мақсаттарын, міндеттерін және принциптерін білу, орындау оның беделін нығайту. Волонтерлық қозғалыстың негізгі идеяларын қолдау және дамыту. Өз қызметін өз бетінше жоспарлап, бастама көтеру, жеке пікірін еркін жеткізуге дағдылау.

Іс-шара барысында колледж директорының орынбасары А.Естаев алғы сөз айтып іс-шараны ашып студенттерге сәттілік тіледі.Жастар ресурстық орталығының инспекторы Б.Қалу волонтерлықтың 10 бағыты бойынша таныстырып, бағыттардың қандай жұмыстармен айналысатынын түсіндірді.

Іс-шара барысында Birqemiz TAZA ALEM бағытының жетекшісі болып  Муздыбаев Арман тағайындалса, Birqemiz ASYL MURA бағытының жетекшісі  Тағабек Нұрдемеу болып сайланды. Жолдас  Алихан болса Birqemiz QAMQOR бағытының жетекшісі болып тағайындалды.

Тәрбие жұмысы: «№8 колледж» МКҚК  директордың ДТЖЖ орынбасары

А. Естаев, жастар жұмысы жөніндегі инспектор И. Байдүйсенова және «Саналы ұрпақ»  клубының жетекшісі мен клуб мүшелерімен  жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатында «Бір пара, екі қылмыскер» — тақырыбында тәрбие сағатына негізделген жиналыс  өткізді. Білім алушыларға пара алушы секілді пара берушіде, қылмыстық кодекстері бойынша заңда көрсетілгендей жауапқа тартылытындықтары жөнінде ескертті.

Сілтемесі:https://www.facebook.com/share/yR7e8hoHUEeyrsMJ/?mibextid=oFDknk

 

 

 

 

Дөңгелек үстел:   ДТЖЖ орынбасары А.Есатев колледж студенттерімен «Сен және Заң» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелге колледж басшысы Н.Калиева және Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

  • Бірінші мәселе бойынша құқық туралы түсінік айтылып өтті
    Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
     Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
     Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
     2) Екінші мәселе  «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу) туралы түсіндірілді 
     Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
    Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ?
     2. Кім қалай бұзды ?
     3. Сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? 
     3) Үшінші мәселе «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?» әрбір оқушы өз ойымен бөлісті
     1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі сатылады.
     2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
     3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді
     Соңғы мәселе бойынша “Заңсыз арал” тақырыбы бойынша балаларға түсінік берілді
     — Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? 
     Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық. 

Кеңес: ДТЖЖ орынбасары А.Естаевтың ұйымдастыруымен  

колледж ұлбалаларымен  «Ұлдар кеңесі» отырысын өткізді.

Мақсаты: Ер балалардың бойындағы намыс,рух пен күш қасиеттерін дұрыс бағытқа қолдануға арналған әңгімелер өткізу.Ақиқат,дұрыс әрекет,ешкімге қиянат жасамау құндылықтарды басшылыққа алу.

            Құндылықтары: Ұлттық  мұраға  ұқыпты  қарау;

                                 Қазақ  тілінің  қолдану  аясын  кеңейту;

                                Ұлттық  мәдениетті  дәріптеу;

 

Іс-шара: 2024 жылдың 6-шы мамыр күні «№8 колледжде» МКҚК «7 мамыр Отан қорғаушылар» мерекесіне орай «Сарбаз болғым келеді» тақырыбында алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы С. Сихимбаевтың ұйымдастыруымен  іс—шара өткізілді. Студент жастарға елімізді, жерімізді қорғау ең басты мүдде болу керектігі туралы атап өтілді. Директордыңтәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Естаев студенттерімізге Отанды қорғау ҚР әрбір азаматының қасиетті борышы екенін атап кетті. Әскерден жасқанбай, керісінше әскери өмірдің қыр—сырын, сезінуге шақырды.

Сілтемесі:https://www.facebook.com/share/p/Z5J9PWgXAGJY23fd/?mibextid=oFDknk

Қолдау жұмысы: 2024 жылдың 15 мамыр күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 9 колледж мекемесінде WORLDSKILLS TURKESTAN-2024 облыстық чемпионатында «Аспазшы» және «Кондитер » құзіреттілігі бойынша жұмысшы класын көтермелеу мақсатында 3 курстың 6 топ студенттері Ырысқұл Асадбек пен Валиева Арзуми қатысуда.Колледж директорының ТІЖ орынбасары А.Естаевтың ұйымдастыруымен, бүгін, 9 колледж мекемесінде, жарысқа қатысушы, студенттерімізге барып,  оларға жақсы, көңіл — күй сыйлап қайттық. Студенттеріміз биік белестерден көрініп, жарыста оң нәтиже көрсетсін деп сарапшы жетекшілері Ж.Байтурова  мен Г.Мырзабаева  еңбектеріңіз жансын, дегіміз келеді.

Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/p/hPB6d4BunVHeHvzV/?mibextid=oFDknk

НАШ АДРЕС

161100 г. ЛЕНГЕР
ул. А.Байтурсынова 25А
тел: тел/факс 8 (72 54 7) 6 — 46 — 03
E-mail : tolebi – pl 8 @ mail.ru.

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

НАШ АДРЕС

161100 г. ЛЕНГЕР
ул. А.Байтурсынова 25А
тел: тел/факс 8 (72 54 7) 6 — 46 — 03
E-mail : tolebi – pl 8 @ mail.ru.

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ