УПРАВЛЕНИЯ РАЗВИТИЯ ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«КОЛЛЕДЖ №8»
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ
№8 КОЛЛЕДЖІНІҢ МИССИЯСЫ ЖӘНЕ ПАЙЫМДАУЫ:
Миссия-колледжде жүзеге асырылатын іс-қызметтер мен үрдістерді жүйелілік тұрғыдан қарау арқылы озық технология мен инновацияны меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандарды дайындау.
Пайымдау – казіргі қоғам талаптарына сай келетін білім беру қызметтерінің тиімді жүйесін қалыптастыру.
Еңбек нарығында Республика бойынша, оның ішінде Түркістан облысы бойынша экономиканың дамуына өз үлесін қосатын азаматтық және адамгершілігі мол, сапалы, инновациялық жаңаша ойлайтын, өз мамандығына тәжірибелік бағытталған қабілетті тұлғаны дайындау.
Мақсаты:
Бәсекеге қабілетті, білікті, кәсіптік сапасы мен құзыреттілігі еңбек нарығының бүгінгі күнгі талаптарына сай мамандарды даярлау. Колледжде студенттермен жүргізілетін барлық оқу, тәжірибе, ғылыми және тәрбие жұмысы ақтық мақсатқа — өмірге қажетті мүдделерін есепке ала отырып, түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алуына бағытталған
МІНДЕТТЕРІ:
Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби оңтайлылығы, жеке және кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жағдай жасау арқылы білім беру үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыру.
Орта кәсіптік білім бере отырып, жеке тұлғаның интеллектуалдық, мәдени және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету;
Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтары, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде кәсіби қалыптасуын бағыттай отырып, сапалы білім алуына жағдай жасау;
Теориялық оқу мен өндірісте оқу және еңбек нарығы сұранысы байланысын қамтамасыз ететін білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ әр студенттің қоғамдағы жеке басты мүмкіндігін барынша пайдалануға жағдай жасау;
Оқытудың қазіргі заманғы жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;
Білім алушыларға кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету;
Мамандарды кәсіби дайындауда ұйымдармен әлеуметтік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу.
Сапа саласындағы саясатпен қарастырылған бағыттар мен СТ РК ISO:9001-2016 сапа менеджмент талаптарына сəйкес əрекет ете отырып, «№8 колледж» алдына келесі мақсаттарды қояды:
1. «Білім туралы» заңды, Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерін, нормативті құжаттарды, Білім беру басқармалары бұйрықтары, ұсыныстарын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2 Бүгінгі білім алушы ертеңгі жас маманның базалық, кәсіпті, арнайы құзіреттілік қабілеттерін қалыптастыру;
3 Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыруда тұрақты іс-шаралар жоспарын жасап жүзеге асыру;
4 Ақпараттық жүйенің жаңа технологияларын меңгеру;
5. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағыттау, педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу, білім алушылардың ауысуына және бітіріп шығуына қатысты мәселелерді шешу.
6 Пән мұғалімдерінің саяси, ғылыми-теориялық және әдістемелік білімдерін жетілдіріп отыру мақсатында ғылыми-практикалық конференция, семинар кеңес және курстарға қатысу мүмкіндіктерін молайту.
7 Колледжде топтар, пәндер, ПЦК бойынша оқу үлгерім көрсеткіштерін бақылау және талдау.
8 Оқу үрдісінің кестесін жүзеге асыруды қадағалау.
Колледж оқу орнының жұмысы оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы, басқару жұмысы, техникалық процес негізінде жүргізіледі.
2016 жылы колледж ұжымының көзқарасын есепке ала отырып, мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін бағалай отырып, 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық колледжді дамыту жоспары қабылданды.
НАШ АДРЕС
161100 г. ЛЕНГЕР
ул. А.Байтурсынова 25А
тел: тел/факс 8 (72 54 7) 6 — 46 — 03
E-mail : tolebi – pl 8 @ mail.ru.