УПРАВЛЕНИЯ РАЗВИТИЯ ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«КОЛЛЕДЖ №8»
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА №8 КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТӘРТІБІ
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 қарашада № 17705 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 10-бабының тармақшасына Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020
№ 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;
- осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
- осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2), және тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
Түркістан обылысы Төлеби ауданы Ленгер қаласындағы №8 колледжі туралы жалпы мәлімет.
• 1942 жылдың қаңтар айында халық комиссариаты кеңсесінің бұйрығы бойынша Новостроевка поселкісінде №23 ФЗО мектебі ашылды. Мұнда 6 ай оқытып «Ленгеркөмір» тресі үшін тау-кен жұмысшылары даярланды. Көп ұзамай «Тоғыс» теміржол станциясында №1 ФЗО мектебі ашылып, мұнда шахта құрылысы басқармасы үшін құрылыс жұмысшыларын даярлады.
• 1949 жылы бұл мектеп жабылды. Онда жұмыс істеген педагогтар ұжымымен оқушылар №23 ФЗО мектебіне ауыстырылды. Осы жылы мектеп аты ТӨМ (Тауөнеркәсібі мектебі) деп өзгертіліп, оның директорлығына Качесов тағайындалды. Бірақ мектеп көп ұзамай жабылып қалды.
• 1952 жылы құрылысы соғысқа дейін қолға алынып, сол соғыстың басталуы кесірінен тоқтап қалған 2 қабатты оқу ғимараты салынып бітті. Алғашқыда бұл ғимаратқа шахтерлар мен шахта құрылысы басқармасына жалданған жұмысшылар орналастырылды.
• 1954 жылы облыстық кәсіптік –техникалық білім беру басқармасының шешімімен Ленгер қаласында бір жылдық құрылысшылар даярлайтын мектебі ашылды. Осы жылдың аяғында аталмыш құрылыс мектебі базасында училище ашу жөнінде шешім қабылданды.
• 1954 жылдың қазан айында училищенің педагогикалық ұжымы мен оқушылары жасақталып, бұл оқу орнының директоры болып шахта құрылысының бұрынғы бастығы Мазуров тағайындалды.
• 1956-1957 жылдары Ленгер шахта құрылысы басқармасы 175 орынға арналған 2 қабатты жатақхана құрылыс салып бітіріп, қойма жайларын, жылыту қазандығын, монша, кір жуатын орынды пайдалануға берді. Мазуров зейнеткерлікке шыққан соң, училище директоры қызметіне Г.Т.Симчук тағайындалды.
Ол жұмыс бастаған жылдары педагогикалық ұжым мен оқушылардың күшімен спортзалын 240 орындық асхана, жазғы кинотеатр, жүзу бассейнінің құрылысы салынды.
С.М.Снежкин басқарған Ленгер құрылыс басқармасы «Шымкентпромстрой» тресімен Шымкентқұрылыс комбинаты училищенің базалық кәсіпорындары ретінде маңызды рөл атқарды. 50 жылдан астам уақыт ішінде кәсіптік мектеп 15 мыңнан астам жас білікті жұмысшы мамандарын даярлады. Ширек ғасырдан астам уақыт (1964-1990 жылдары) аралығында училище сондай-ақ Моңғол Халық Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы үшін 1,5 мыңға жуық құрылысшылар мен механизаторлар даярланды.
• 1984 жылы №82 кәсіптік – техникалық училище №7 орта кәсіптік-техникалық училище деп аты өзгертілді.
• 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімі бойынша №8 орта кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгертілсе, 2002 жылдың мамыр айында №8 кәсіптік мектеп деп өзгертілді. Осы жылдар аралығында мектепке кәсіптік – техникалық білім берудің жоғары білікті маманы инженер – технолог С.Мауленов жетекшілік етіп, 1990 жылдардың басындағы аумалы – төкпелі кезеңде кәсіптік мектептің жабылып қалмауы үшін көп тер төкті.
• 2005 жылы мектеп директоры қызметіне іскер маман Е.К.Қойбеков тағайындалды. Мектептің педагогикалық және инженер техникалық ұжымы кәсіптік біліктілігі жөнінде облыстағы алдыңғы қатарлы кәсіптік білім беру қызметкері ретінде өздерін таныта білді.
• 2008 жылдың 15 наурызда №8 кәсіптік мектеп №8 кәсіптік лицей мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
• 2012 жылы оқу – материалдық базасы жаңартылып, ақпараттандыруға және №8 кәсіптік лицейдің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге өз үлесін қосты.
• Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №394 қаулысымен Түркістан облысы әкімдігі білім департаментінің «№8 кәсіптік лицей» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Түркістан облысы білім басқармасының «№8 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
• 2023 жылдың 20 сәуір айынан бастап Түркістан облысы Білім басқармасының шешімімен Нұрсұлу Абдешқызы Қалиева директор қызметіне тағайындалып, осы колледжде жұмыс атқаруда.
• Заңды тұлғаның атауы – Түркістан облысы білім басқармасының «№8 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
• Колледж директоры Нұрсұлу Абдешқызы Қалиева
• Мекеменің орналасқан жері: 161100 Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласы А.Байтұрсынов көшесі 25 А үй. тел. 8 (72547) 6-46-03
• Колледж өз қызметін келесі құрылтайшылық және рұқсат беру құжаттары негізінде іске асырады.
Колледжінің аймақтық жалпы аумағы – 2724,3 га, соның ішінде оқу ғимарат аумағы -11870 шаршы метр. Оқу ғимараты екі қабатты. Бұдан бөлек шеберхана – 2895,7 шаршы метр, күзет бөлімі – 18 шаршы метр, жылу қазандығы – 94,6 шаршы метр, гараж – 554,5 шаршы метр, сыртқы 4 орындық әжетхана – 17,5 шаршы метр.
Оқу ғимараты – 1.Оқу ғимаратының кабинеттер саны – 29.
Шеберхана – 1.Шеберхана кабинеттер саны – 12.
Колледж сыйымдылығы — 420 адам.
Асхана залы 140 адамға арналған шаршы метр -212,9 жалпы көлемі – 435,8 шаршы метр, кітапхана – 72,4 және 12,1 шаршы метр екі залдан құралған, акт зал – 206,0 шаршы метр, медпункт жалпы көлемі – 10,1,16,8,11,4,9,5 шаршы метр, көлікжай (гараж) – 84,105 шаршы метр.
Сондай – ақ Білім беру басқармасының қолдауымен колледжімізге қызметкерлерді тасымалдауға ГАЗЕЛЬ автокөлігі алынды.
НАШ АДРЕС
161100 г. ЛЕНГЕР
ул. А.Байтурсынова 25А
тел: тел/факс 8 (72 54 7) 6 — 46 — 03
E-mail : tolebi – pl 8 @ mail.ru.