УПРАВЛЕНИЯ РАЗВИТИЯ ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«КОЛЛЕДЖ №8»
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ
Халиков Нуркен Сатыбалдиевич
Заместитель по учебно-производственной работе
— Колледждің 2020-2025 даму жоспары:
— Жаңа мамандықтар ашу.
— Колледжде кіші өндіріс орталығын ашу;
— Колледжде үлкен оқу орталығын ашу.(ресурсный центр);
— Шеберхананы заман талабына сай мамандықтар бойынша жабдықтау»,
— Еңбек нарығының сұранысына сай маман дайындау, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі орталығы арқылы аккредитациядан өту, халықаралық білім беру стандартына сәйкестендіру.
— Автокөлікті жөндеу цехын ашу.
Стратегияны әзірлеу кезінде негізгі өндірісті дамыту және жаңа қуаттылықты енгізу есепке алынып, аймақ экономикасын дамыту үрдісі және еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігі ескерілді.
Колледждің «Даму стратегиясы» негізінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер әзірленді, олар бағыттар бойынша жоспарларды іске асыру деңгейін сипаттайды:
— Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету
— Инновациялық білім беру жүйесін дамыту;
— «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасына қатысу;
— Білім беру қызметі сапасын бақылаудың заманауи механизмдерін қолдану (оқу-өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, рейтинг, мемлекеттік аттестаттау, институционалдық және мамандандырылған аккредитация).
— ТжКБ мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бағдарламаларын дамыту саласында заманауи қоғам және әлеуетті жұмыс берушінің еңбек нарығы қажеттілігін қанағаттандыратын деңгейге жету.
— 2020 жылға дейін кадрларды даярлауда үштілділіктің қолдану аясын кеңейу.
Білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттар талаптарына негізделген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының нормаларына, типтік оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу үрдісі оқу жұмыс жоспары мен бағдарламалары және оқу- тәжірибелік сабақтар кестесі бойынша реттеледі.
Мемлекеттік стандарт талаптарына сай, оқу жоспары нормативтік
базалық және кәсіптендіру пәндер арақатынасын қамтамасыз етеді.
ОЖЖ – оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін, оқытуды ұйымдастырудың бірізділігін, қарқынынын және түрлерін, оқушылардың білімі мен білігін бақылау түрлерін регламенттейтін ҮОЖ негізінде әзірленетін, колледж директорымен бекітілетін құжат.
Оқу үдерісінің графигі — жылдар мен семестрлер бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтардың кезеңдерін, аралық және қорытынды аттестаттау мерзімдерін, сондай-ақ мерекелерді көрсете отырып жасалады.
ОЖЖ мен бағдарламаларын бекіту рәсімі ҚР БҒМ 29.11.2007 жылғы № 583
бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережелеріне» сәйкес келеді (2016 жылғы 18 қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулармен).
Оқудың барлық кезеңіне ОЖЖ құрастырылады, ол колледждің әдістемелік кеңесінде қаралады, жұмыс берушілер арнайы пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары тақырыбына өз түзетулерін енгізе отырып келісіледі, ал оң қорытындыдан кейін колледж директоры бекітеді.
Оқу пәндері(модульдер) бойынша жұмыс бағдарламалары мамандықтың МЖББС,ОЖЖ және типтік бағдарламаларға сәйкес жасалады.
ОЖЖ-да жалпы білім беру пәндерінің оқу уақытының тізбесі мен көлемі мамандықтары бойынша жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарына негізгі орта білім беру базасында оқыту үшін айқындалады, және 1448 сағатты қамтиды.
Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен үлгілік оқу жоспарлары 31 қазандағы 2017 жылғы №553 бұйрығымен, 2007 жылғы «Білім туралы» заңына негізделген.
Колледж базасында 7 оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс істейді:
• Қоғамдықг-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі
• Жаратылыстану– математика пәндерінің әдістемелік бірлестігі
• Спорт және АӘД пәндерінің әдістемелік бірлестігі
• Жеңіл өнеркәсіп әдістемелік бірлестігі
• Қызмет көрсету шеберлері әдістемелік бірлестігі
• Құрылыс шеберлері әдістемелік бірлестігі
• Мәдениет және тәрбие әдістемелік бірлестігі
НАШ АДРЕС
161100 г. ЛЕНГЕР
ул. А.Байтурсынова 25А
тел: тел/факс 8 (72 54 7) 6 — 46 — 03
E-mail : tolebi – pl 8 @ mail.ru.